Мазмұнға өту

Жаңа

«Ихсанов» БПҰ мүшелерімен онлайн кездесу өтті.

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиевтің қатысуымен «Ихсанов» БПҰ мүшелерімен онлайн кездесу өтті. Шараның мақсаты 2020 жылдың 1 қыркүйектегі ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті жолдауының ережелерін түсіндіру. Кездесуде филиалдың бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев баяндама жасап жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілгендігі соның ішінде экономика, әлеуметтік салаларға және халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелері жөнінде жан-жақты түсіндірді.

0
0
110

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының іске асырылуы жөнінде белсенді жастармен онлайн-кездесуін өткізді

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының аудандық саяси кеңестің мүшелері «Дипломмен ауылға» бағдарламасының іске асырылуы жөнінде белсенді жастармен онлайн-кездесуін өткізді.

0
0
125

Партиялық бақылау аясында тексеру жүргізді

Партиялық бақылау аясында 2020 жылы 23 қазан күні «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Мирас Иманғалиев және осы комиссиясының хатшысы Нұртай Зайнуллинның қатысуымен Жәнібек ауылында орналасқан М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің жатақханасын аарнайы барып, жұмыс процесімен танысты. Жатақхананың ғимараты 1964 жылы салынған, күрделі жөндеуден 2015 жылы өткен, коммуналдық қызметтердің барлық түрлері жұмыс жасап тұр. Жатақханада оқу кабинеті, демалыс және тұрмыстық бөлмелерімен қамтылған.Колледж студенттері үшін білім алуда барлық жағдай жасалған.

0
0
105

Ауылшаруашылық құрылымдарымен кездесу өткізді.

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Б.Қуанәлиев ауылшаруашылық құрылымдарымен кездесу өткізді.Кездесу барысында қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.

0
0
157