«Ихсанов» БПҰ мүшелерімен онлайн кездесу өтті.
"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиевтің қатысуымен «Ихсанов» БПҰ мүшелерімен онлайн кездесу өтті. Шараның мақсаты 2020 жылдың 1 қыркүйектегі ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті жолдауының ережелерін түсіндіру. Кездесуде филиалдың бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев баяндама жасап жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілгендігі соның ішінде экономика, әлеуметтік салаларға және халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелері жөнінде жан-жақты түсіндірді.

