Партиялық бақылау аясында тексеру жүргізді
Партиялық бақылау аясында 2020 жылы 23 қазан күні «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Мирас Иманғалиев және осы комиссиясының хатшысы Нұртай Зайнуллинның қатысуымен Жәнібек ауылында орналасқан М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің жатақханасын аарнайы барып, жұмыс процесімен танысты. Жатақхананың ғимараты 1964 жылы салынған, күрделі жөндеуден 2015 жылы өткен, коммуналдық қызметтердің барлық түрлері жұмыс жасап тұр. Жатақханада оқу кабинеті, демалыс және тұрмыстық бөлмелерімен қамтылған.Колледж студенттері үшін білім алуда барлық жағдай жасалған.

