Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталов ауданымызға арнайы іс-сапармен келді.
Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталов ауданымызға арнайы іс-сапармен келді. Ауданға келген сапарын өңір басшысы алдымен Нарынқолдықтарға тұрғын үйдің кілтін беру қуанышынан бастады. Бұл 33 үй - Нарынқолда салынып жатқан 83 коммуналдық үйдің 1, 2 кезеңі бойынша құрылысы аяқталған баспаналар. Қоныс той қуанышына кенелгендер арасында көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3242 шаршы метр. Құрылысын “Фуд МС” ЖШС жүргізген.
Амандық Ғаббасұлы өз кезегінде жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстап, баспаналы болған ауыл тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар, ауданымызға жасалып жатқан мемлекеттік қолдаулар жəне алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар туралы да сөз етті. Соның ішінде бірінші кезекте, ауданға жұмыс істеуге келген қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу ауқымды мәселелердің бірі екенін атап өтті.
Бүгін, міне, салынып жатқан 83 коммуналдық тұрғын үйдің 33-ін қолданысқа беріп ел мерейі үстем болды. Баспаналы болып жатқан қуаныш иелерінің де өңір басшысы Амандық Ғаббасұлына айтар алғыстары зор.
