Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл кәсіпкерлерімен онлайн форматта кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Қоғалы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен онлайн форматта ауыл кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты кәсіпкерлік саласын дамыту, берілетін несие түрлері мен пайыздық үстемелері жайында кеңінен мағлұмат беру, кәсіпкерлік субъектілерінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын бірігіп талқылау. Кездесу барысында ауыл кәсіпкерлері өзара пікір алмасып, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау үшін беріліп жатқан көмек түрлеріне тоқталып, беріліп отырған мүмкіндіктерді пайдалана отырып ауыл экономикасын дамыту үшін жұмыстар атқарамыз деді.

0
0
156

Осы тақырып бойынша

Ауыл кәсіпкерлерімен онлайн форматта кездесу өтті - Yvision.kz