Ақтөбе облысы Қазақстанның ауыл әйелдерінің өңірлік форумдарын өткізу эстафетасын қабылдады
14 шілдеде Ақтөбеде Ақтөбе, Атырау, БҚО және Маңғыстау облыстарының өкілдеріне арналған «Қазақстанның ауыл әйелдері форумы» атты кездесу өтті. Қазақстанның батыс өңірінің 350-ден астам ауыл тұрғыны іс-шараға тікелей және онлайн режимде қатысты. Әйелдер аудиториясымен байланыста облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ҚР Ұлттық экономика министрліктерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.- 2018 жылдан бастап «Қазақстанның ауыл әйелдері форумы» өзін әйелдер кәсіпкерлігін және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бастамаларын талқылау мен тиімді жолдарын іздеудің ұлттық алаңы ретінде танытты. Бұдан бұрын Жетісу облысында форум өтті, алда солтүстік, ш…


