Жаңа
Саяси кеңесі мүшесі Арстанбеков Тлеген Керейұлы Сайқын ауылының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы




Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы
«Халықтың әлеуетін арттырғандар» атты онлайн концерт өтті
Бөкей ордасы Аудандық демалыс орталығының көркем өнерпаздары «Халықтың әлеуетін арттырғандар» атты онлайн концерт ұйымдастырды. Шара барысында ауданымыздың жас өнерпаздары ән шашуларын көрермендерге арнап, өздерін тың бағытта сынап көріп, жоғары дәрежеде шараны өткізуге атсалысты
Депутаттық фракцияның отырысы
23 қараша депутаттық фракция мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысында "Кедергісіз келешек"партиялық жобасын іске асыру аясында қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н. Кузяттың айтуынша, ауданда 125 нысан жартылай бейімделген. Егер Денсаулық сақтау және білім беру ғимараттары бейімдеу бойынша жұмысты тұрақты жүргізетін болса. Онда әкімдіктердің ғимараттарына қатысты көптеген мәселелер бар. Олардың екеуі Луганск және Чернорецк ауылдық округтерінде жалға алынған. Кемеңгер ауылдық округінде әкім аппаратының ғимараты үшінші қабатта орналасқан. Отырыста Кеменгер және Чернорецк ауылдық округтерінің өкілдері тыңдалды. Мәселені қарау қорытындысы бойынша қол жетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша барлық қажетт…
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы қоғам өміріне үлкен серпіліс әкелері сөзсіз!
«Ауған отты жылдарда» ауған ардагерлерімен кездесу өтті
Бөкей ордасы ауданында Жастар ресурстық орталығының мамандары «Ауған отты жылдарда» атты тақырыпта, ауған ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ардагерлер өз естелігімен бөлісіп, ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, ардагерлерді құрметтеуге, бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.
Цифрландыру мен ағылшын тілін меңгерген жастар бәсекеге қабілетті
Жиын барысында жастардың бәсекеге қабілетті болуы жайында сөз қозғалды. Бағжан Нұроллаұлының айтуынша, ХХІ ғасырда дамыған елдердің қатарына қосылу үшін жастарымыз компьютерлік бағдарламалау және ағылшын тілін меңгеруі қажет. Өйткені цифрландыру кез келген саланы қамтиды. Сондай-ақ, ғылыми жаңалықтардың барлығы ағылшын тілінде жарияланады. Аға буын сөзін қолдаған жастар зор жетістікке жетуде аянбай еңбек ету керектігін ұғынды, білімнің де маңыздылығын түсінді. «Nur Otan» партиясы әрдайым жастардың рухани жетілуіне өз үлесін қосып келеді. «Білім орталығы» жобасы аясында 13 кітапхана жаңғыртылды. Ауыл балаларына арналған «English for Jastar» жобасы облысымыздың 6 ауданында жүзеге асты. Робототехника үйірмелері әр мектепте ашылып, киберспорт та дами бастады. Осылайша, жастарға барлық жағдай…
Мен ауылдың дәрігерімін.
Мен ауылдың дәрігерімін. Қарапайым ауылдан шығып, арманымды арқалап, Алматыдан білім алып, туған жерге қайта оралдым. Биыл "Nur Otan" партиясы праймериз өткізіп, қатысуға бел байладым. Мені праймеризге алыстағы ауыл халқының аманатын биік мінберден көтерсем деген арман алып келді. Осы ретте сенім білдірген барлық партияластарыма шексіз алғысымды білдіремін. Ақ халатымның жағасына дақ түсірмей, үміт еткен Ақжайық халқының сенімін ақтау үшін жұмыс жасайтын боламын. Тәніміз сау, жанымыз жайлы болсын!