Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Цифрландыру мен ағылшын тілін меңгерген жастар бәсекеге қабілетті

Жиын барысында жастардың бәсекеге қабілетті болуы жайында сөз қозғалды. Бағжан Нұроллаұлының айтуынша, ХХІ ғасырда дамыған елдердің қатарына қосылу үшін жастарымыз компьютерлік бағдарламалау және ағылшын тілін меңгеруі қажет. Өйткені цифрландыру кез келген саланы қамтиды. Сондай-ақ, ғылыми жаңалықтардың барлығы ағылшын тілінде жарияланады. Аға буын сөзін қолдаған жастар зор жетістікке жетуде аянбай еңбек ету керектігін ұғынды, білімнің де маңыздылығын түсінді. «Nur Otan» партиясы әрдайым жастардың рухани жетілуіне өз үлесін қосып келеді. «Білім орталығы» жобасы аясында 13 кітапхана жаңғыртылды. Ауыл балаларына арналған «English for Jastar» жобасы облысымыздың 6 ауданында жүзеге асты. Робототехника үйірмелері әр мектепте ашылып, киберспорт та дами бастады. Осылайша, жастарға барлық жағдай жасалған, тек сол мүмкіндікті пайдалану ғана қалды.

0
0
150

Осы тақырып бойынша

Цифрландыру мен ағылшын тілін меңгерген жастар бәсекеге қабілетті - Yvision.kz