Мен ауылдың дәрігерімін.
Мен ауылдың дәрігерімін. Қарапайым ауылдан шығып, арманымды арқалап, Алматыдан білім алып, туған жерге қайта оралдым. Биыл "Nur Otan" партиясы праймериз өткізіп, қатысуға бел байладым. Мені праймеризге алыстағы ауыл халқының аманатын биік мінберден көтерсем деген арман алып келді. Осы ретте сенім білдірген барлық партияластарыма шексіз алғысымды білдіремін. Ақ халатымның жағасына дақ түсірмей, үміт еткен Ақжайық халқының сенімін ақтау үшін жұмыс жасайтын боламын. Тәніміз сау, жанымыз жайлы болсын!
