1 желтоқсан Тұңғыш Президенті Күні!
Жыл сайын желтоқсанның 1-і күні Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Атаулы күннің белгіленуі 1991 жылдың 1-ші желтоқсаны күні бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ ССР Президенті болып сайлануына байланысты болды. Ол кандидаттар арасында 98,7 пайыз дауыс жинап, жеңіп шықты. Тұңғыш Президенттің ең алғашқы қадамы сол жылдың 10 желтоқсанында Қазақ ССР атауын Қазақстан Республикасы етіп өзгертуі еді. Содан алты күн өткеннен кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады. Сол кезден Қазақ елінің азаттық жолындағы қадамы басталды. Желтоқсанның алғашқы күндері күрделі болды, нақты шешімдер қабылдау қажет еді. Осы ретте Елбасы дұрыс жолды таңдай білді. Бүгінде Қазақ елі әлем мойындаған алпауыттармен терезесі тең дәрежеде қар…
