Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 желтоқсан Тұңғыш Президенті Күні!

Жыл сайын желтоқсанның 1-і күні Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Атаулы күннің белгіленуі 1991 жылдың 1-ші желтоқсаны күні бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ ССР Президенті болып сайлануына байланысты болды. Ол кандидаттар арасында 98,7 пайыз дауыс жинап, жеңіп шықты.

Тұңғыш Президенттің ең алғашқы қадамы сол жылдың 10 желтоқсанында Қазақ ССР атауын Қазақстан Республикасы етіп өзгертуі еді. Содан алты күн өткеннен кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады. Сол кезден Қазақ елінің азаттық жолындағы қадамы басталды. Желтоқсанның алғашқы күндері күрделі болды, нақты шешімдер қабылдау қажет еді. Осы ретте Елбасы дұрыс жолды таңдай білді.

Бүгінде Қазақ елі әлем мойындаған алпауыттармен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас жасай алатын демократиялық даму жолына түскен мемлекет. Тұңғыш Президенттің жасаған маңызды қадамдарының бірі – атомдық қарудан бас тартуы болды. Осы бастаманы көтере отырып, әлемдік аренада атомдық қарусыз өмір сүруге болатынын ашық айта алатын дәрежеге дейін көтерілді. Бүгінгі таңда осы кезге дейін жарылыстың аймағы атанып келген Семей жері дүмпулерден құтылып,жергілікті халықтың өз денсаулығына, ұрпағының болашағына деген алаңы біршама тыйылды. Бұл қазақ деген ұлттың сақталып қалуының тағы бір алғышарты еді.

Тәуелсіздік атты қастерлі ұғымды біз Елбасының есімімен байланыстыра отырып, болашаққа нық қадам баса бермекпіз.

0
0
155

Осы тақырып бойынша

1 желтоқсан Тұңғыш Президенті Күні! - Yvision.kz