Мазмұнға өту

Жаңа

Білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өткізілді

"Nur Otan" партиясы Меркі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Көкрекбаев 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихындағы рөлі жөнінде айтылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында партия қатарына қабылданған жаңа партия мүшелеріне партиялық билет тапсыру рәсімі өткізілді.

0
0
196

"Дағдарысқа қарсы маркетингтік іс-шаралар кешені"

Zoom платформасында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен аудандық шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған "Дағдарысқа қарсы маркетингтік іс-шаралар кешені" тақырыбында кездесу өткізілді

0
0
168

Алатау ауданы мектептеріндегі «1- желтоқсан Тұңғыш Президент» күніне орай өткізілген іс-шаралар.

#Repost @alatau_bilim_bolimi Алматы қаласы Алатау ауданы мектептеріндегі «1- желтоқсан Тұңғыш Президент» күніне орай өткізілген іс-шаралар. @akmurzaevakarlygash @edu.almaty @lyazzat__88 @kaldybekov_azamat

Толық ақпаратты @alatau__nurotan көре аласыздар

0
0
147

Аудандық БАҚ өкілдерімен және блогерлермен кездесу өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Меркі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Көкрекбаев аудандық БАҚ өкілдерімен және блогерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Меркі ауданы тұрғындарының өз денсаулығын қорғау және айналасындағылардың саулығы үшін санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтау мәселесі мен төтенше жағдай кезіндегі несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар мәселесі талқыланды.

0
0
165

Дүние жүзілік телевидения күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 қарашаны Дүниежүзілік телевидение күні ретінде 1996 жылы өткен бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форумды есте қалдыру мақсатында 1998 жылдың наурызында жариялады. Мемлекеттерге бұл күнді бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму және мәдени алмасуды кеңейту тақырыптарына арналған телебағдарламалармен алмасу арқылы атап өту ұсынылды.

0
0
281

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын

Қазіргі замандағы жаңа Қазақстан Тәуелсіздігінің басында тұрып, оны дербес, өзіндік ішкі, сыртқы саясаты бар қуатты да айбынды мемлекет етіп қалыптастыруда Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен! Ол Ұлы дала жерінде азаттықтың ақ таңының арайлап атуына, қазақ елінің дүниежүзілік қоғамдастықтан өз орнын ойып тұрып алуына, экономика мен мәдениеті өскен, өркендеген, барлық жағынан өрге басқан мемлекет атануына өлшеусіз үлес қосты.

Бүгінде «Мәңгілік ел» идеясын батыл ұстанған Қазақстанда тұрақтылық, тыныштық, татулық салтанат құрып, әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақпен, береке-бірлікпен өмір сүріп отырса – бұл да Елбасымыздың осы уақытқа дейінгі сара да салмақты саясатының жемісі, жеңісі.

0
0
221

"Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі"

"Nur Otan" партиясы Меркі аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Jas Otan" Жастар қанатының белсенділерінің қатысуымен "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі" атты дөңгелек үстел өткізілді.

0
0
164