Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын

Қазіргі замандағы жаңа Қазақстан Тәуелсіздігінің басында тұрып, оны дербес, өзіндік ішкі, сыртқы саясаты бар қуатты да айбынды мемлекет етіп қалыптастыруда Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен! Ол Ұлы дала жерінде азаттықтың ақ таңының арайлап атуына, қазақ елінің дүниежүзілік қоғамдастықтан өз орнын ойып тұрып алуына, экономика мен мәдениеті өскен, өркендеген, барлық жағынан өрге басқан мемлекет атануына өлшеусіз үлес қосты.

Бүгінде «Мәңгілік ел» идеясын батыл ұстанған Қазақстанда тұрақтылық, тыныштық, татулық салтанат құрып, әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақпен, береке-бірлікпен өмір сүріп отырса – бұл да Елбасымыздың осы уақытқа дейінгі сара да салмақты саясатының жемісі, жеңісі.

0
0
203

Осы тақырып бойынша

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын - Yvision.kz