Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.Құрметті ұстаздар, студенттер, ата-аналар ! 1 желтоқсан – Елбасы күнімен баршыңызды шын жүректен құттықтаймын.Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келген Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Бұл - ғасырлар тоғысында ата - бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуе…