Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Әр жылдың 1 желтоқсанында елімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Мұндай елеулі күн Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті, саяси, экономикалық және әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізде әлеуметтік салаға бөлінетін шығын көлемі қысқартылмай, керісінше ұлғайып келеді. Біз – қазақстандықтар өз еліміздің жеткен орасан зор жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.
