Партия мүшелерінің қатары толықты
Ағымдағы жылы 30 қараша күні ҚР Тұңғыш президенті күніне орай аудандық партия филиалында жиынд өтті. Жиында мереке қарсаңында партия қатарына қабылданған партия мүшелеріне партиялық билет табысталды.

Аудандық партия филиалының төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов: 1 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша күн. Осыдан 30 жыл бұрын отандастарымыз тарихи таңдау жасады. Дәл осы күні егемен еліміздің Тұңғыш Президенті сайланды. Жарқын болашаққа деген үміт жалпыхалықтық сенімге ұласты. Бұл қадам нәтижелі болып, ширек ғасыр аралығында Қазақстан әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан көрінгенін жеткізді.

Жиын барысында Махамбет ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Майжанов жаңадан қабылданған партия мүшелеріне сәттілік тілеп, Тұңғыш президент күнімен партия мүшелерін құттықтады

