Мазмұнға өту

Жаңа

«Jas Otan» жастар қанатының кезектен тыс ХІХ конференциясы

@nurotan_mangystau филиалы ғимаратында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының кезектен тыс ХІХ конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Әбілов Елубай Жақайұлы, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Фазылбек Абылай Фазылбекұлы, конференцияға сайланған 30 делегат, белсенді жастар, студенттер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. «Jas Otan» жастар қанатының МОФ төрағасы Н.Мағдатов 2018-2020 жылдары аралығында атқарылған жұмыстарының есебі және «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне делегаттарды сайлау.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жастар қанатының төрағасы Н.Мағдатов есеп беріп, жастар қанатының атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Конференцияда қаулы қабылданып, алдағы съезге де…

0
0
154

" NUR- OTAN" партиясының XX- шы сьезі

" NUR- OTAN" партиясының XX- шы сьезінде елбасы "NUR-OTAN" партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаев халықтың тұрмыс тіршілігі үшін қажетті тың бастамаларды ұсынады деп есептеймін. Партия төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбектің есептік баяндамасында партияның бастамасымен жасалған ізгі іс шаралардың нәтижесіне көз жеткіздік.

" NUR- OTAN" партиясының мүшесі ретінде елімізде тұңғыш рет өткізілген праймеризде бағымды сынадым. Праймериздің арқасында тәуелсіз еліміздің кемелденуі жолында еңбек етуге қанат беріп, жігерлендірді, өз жобаларымызды ұсынуға мүмкіндік берді. Келер парламент мәжілісімен мәслихат сайлауында партиямыз басым дауысқа ие болып, жеңіске жететініне сенемін.

Мамаев Сабит Төлешұлы

Бөдене бастауыш партия ұйымының мүшесі

0
0
115

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалында партия қатарына жас маман қабылданды.

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалында партия қатарына қабылданған жас маман, аудандық іскі саясат бөлімінің қызметкері Қабдығалиева Ақерке Қабдығалиқызына партиялық билетін табыстау рәсімі өтті. Ақерке Қабдығалиқызына зор денсаулық, қажымас қайрат, берекелі еңбек тілейміз!

0
0
117

Көктоғай ауылдық округінде "Nur Otan" партиясы "Көктоғай" БПҰ- ның жиыны болып өтті

Көктоғай ауылдық округінде "Nur Otan" партиясы "Көктоғай" БПҰ- ның жиыны болып өтті. Жиында қаралған мәселелер:

1. "Көктоғай" БПҰ- ның 2020 жыл атқарылған жұмыстарының есебі.

2. "Көктоғай" БПҰ- ның 2021 жыл атқарылатын жұмыстарының есебі

0
0
105

Елбасы және Маңғыстау: Маңғыстаулық жастардың кездесуі өтті

Іс-шара ҚР Тұңғыш Президенті, оның сіңірген еңбегі және елдің егеменді мемлекет ретінде қалыптасу жолы туралы бейнефильм көрсетуден басталды. «Jas Otan» жастар қанатының Маңғыстау облысы бойынша төрағасы Наурызбек Мағдатовтың айтуынша, Тұңғыш Президент күні – бүкіл халық және әсіресе жастар үшін маңызды мереке. «Маңғыстауды көп нәрсе Елбасымен байланыстырады. 2016 жылы Астанада өткен республикалық жастар форумынан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысынан келген жастар делегациясына келді. Әрқайсымыздың қолымызды сілкіп, жылы лебізін білдіріп, бізді Әбіш Кекілбаевтың ағалары мен апалы-сіңлілері деп атағаны есімде. Жеке өзім үшін бұл кездесу «Jas Otan» партиясының белсенді жұмысына түрткі болды», - деді Н. Магдатов.Өңірде жастардың қатысуымен түрлі бағыттар мен сал…

0
0
155

1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай "Тұңғыш Президент-Ұлт Көшбасшысы" атты зияткерлік ойын

Шараның мақсаты:

-оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақстан Республикасының жетістіктерімен танысу, патриоттық сезім ояту, тарихын құрметтеуге баулу;

-топта бірлесе жұмыс істеуге үйрену, ойлау қабілетін шындау, шапшандық пен нақтылыққа бейімдеу.

Шараға "Қыран" және "Бірлік" топтары қатынасып, "Сұрақ-жауап", "Сандар сөйлейді", "Кім жылдам" кезеңдері бойынша білімдерін сынады.

📷Нәтижесінде тартысты да, қызықты өткен зияткерлік ойында "Бірлік" тобы жеңімпаз атанды. Екі топқа да арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шараға белсенділік танытып қатынасқан жастарға алғыс білдіреміз.

0
0
171

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Нұрлы жүрек» ұжымымен онлайн кездесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Нұрлы жүрек» ұжымымен онлайн кездесу өткізді.Елбасы – «Nur Otan» партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Бұл бағдарламаға төрт және одан да көп баласы бар отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар қатысады. Кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылардың да қатысуға құқығы бар. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың отбасыларды қолдауға арналған барлық жобалары мен партия филиалдарының шаралары «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында топтастырылатын болады.Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы «Алматы» ау…

0
0
141

Бүгін халықаралық мүгедектер күні.

Бүгін халықаралық мүгедектер күні. Бұл дата Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, бір миллиардтан астам адам – әлем халқының шамамен 15% – ы мүгедектіктің қандай-да бір түріне ие.

0
0
144