Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Нұрлы жүрек» ұжымымен онлайн кездесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Нұрлы жүрек» ұжымымен онлайн кездесу өткізді.

Елбасы – «Nur Otan» партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын.

Бұл бағдарламаға төрт және одан да көп баласы бар отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар қатысады. Кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылардың да қатысуға құқығы бар. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың отбасыларды қолдауға арналған барлық жобалары мен партия филиалдарының шаралары «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында топтастырылатын болады.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы келіп түскен мұқтаж отбасылардың өтінішіне орай «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасыларға және де жалғыз басты зейнеткерлерге азық – түлік, санитарлық заттар, тұрмысқа керекті заттар алып қамтып отыр. Карантин жарияланған күннен бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға партия ұйымдарымен бірге қосылып «BizBirgemiz» атты қорымен көмек көрсетті.

Бұл - ұлттық жоба. Біз оны бірлесіп атқаратын боламыз десекте болады. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген отбасының бақытын еселеп үлгеруде.

Іс – шараға «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы, «Нұрлы – жүрек» бастауыш партия ұйымының белді мүшесі Махаббат Алдабергенова, «Nur Otan» партиясының өкілдері қатысып өз пікірлерін білдірді.

Осы тақырып бойынша

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Нұрлы жүрек» ұжымымен онлайн кездесу - Yvision.kz