" NUR- OTAN" партиясының XX- шы сьезі
" NUR- OTAN" партиясының XX- шы сьезінде елбасы "NUR-OTAN" партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаев халықтың тұрмыс тіршілігі үшін қажетті тың бастамаларды ұсынады деп есептеймін. Партия төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбектің есептік баяндамасында партияның бастамасымен жасалған ізгі іс шаралардың нәтижесіне көз жеткіздік.
" NUR- OTAN" партиясының мүшесі ретінде елімізде тұңғыш рет өткізілген праймеризде бағымды сынадым. Праймериздің арқасында тәуелсіз еліміздің кемелденуі жолында еңбек етуге қанат беріп, жігерлендірді, өз жобаларымызды ұсынуға мүмкіндік берді. Келер парламент мәжілісімен мәслихат сайлауында партиямыз басым дауысқа ие болып, жеңіске жететініне сенемін.
Мамаев Сабит Төлешұлы
Бөдене бастауыш партия ұйымының мүшесі
