Көкжиде және Аққала елді мекендерінде таза ауыз су берілді
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Арыс қаласы, Байырқұм және Жиделі ауылдық округтеріне қарасты Көкжиде және Аққала елді мекендерінде таза ауыз су берілді. Ашылу салтанатына шахар басшысы, партия филиалының төрағасы Мұрат Болатұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.⠀Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 2019 жылы республикалық бюджеттен 213,499 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар өндірістік кестеге сай атқарылды. Нәтижесінде бүгін аққалалық 1026 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.⠀- Биылғы жылы қала тұрғындары қажырлы еңбек етіп, жылды табысты аяқтағалы отырмыз. Бұл да ел ішіндегі ынтымақ пен береке, бірліктің арқасы. Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Сіздердің қуаныштарыңызды бөлісуге келіп отырмыз. Ауылға келген ауыз судың қызығ…
