Мазмұнға өту

Жаңа

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы»

Бүгін «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырыс өткізілді. Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» талқыланды. Қоғамдық кеңес тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынды.

0
0
106

Ардагерлермен пікір алмасты

Jas Otan жастар қанатының белсенділері Қоянды ауылдық округінің ақсақалдарымен ZOOM- конференциясы форматында «Ырыс алды — ынтымақ» тақырыбында кездесу өткізді. Жиында этносаралық келісімнің маңызы туралы сөз қозғалды.

- Еліміз тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап Қазақстан мемлекеттік саясаттың басына этносаралық және ұлтаралық келісім мәселесін қойды. Бүгінгі таңда еліміз күллі әлемге бірлігі нығайған, ұлттары мен этностары бейбіт өмір сүріп, ел дамуына үлес қосқан мемлекет ретінде танымал, — деді ардагерлер.

0
0
129

Кезектен тыс ІII конференциясы өтті

ZOOM платформасы арқылы, М.Сарыпбекованың төрағалығымен өткен конференцияның күн тәртібінде -

«Jas Otan» жастар қанаты Арыс қалалық бөлімшесінің атқарған жұмыстары және «Jas Otan» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ІІІ конференциясына делегат сайлау туралы мәселелер қаралды.

Конференция қорытындысымен қаулы қабылданды.

0
0
111

Кәсіпкерлермен кездесті

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен қаланың партия белсенділері «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға ZOOM-конференциясы арқылы шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында микрокредит алудың мехнизмдері туралы ақпарат берді.

0
0
102

Партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Е.Шәріпбек "Қызмет сервис" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Е.Шәріпбек "Қызмет сервис" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы бойынша өңірлік кеңес мүшесі Ж.Сәрсенбеков сыртқы нарыққа бағытталған өндірушілерді ынталандыру шаралары кешені туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант түрлері мен төмен пайызды несие алудың талап-ережелерімен таныстырды.

3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күні!

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3-ші желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялады. Әрқайсымыздың мүгедектігі бар адамдарға сезімталдығы, мұқияттылығы мен қарым-қатынасы - біздің қоғамымыздың моральдық денсаулығының көрсеткіші болып табылады. Халықаралық мүгедектер күні мүгедектердің өміріне қоғамдық интеграция мәселелеріне және осы адамдар үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға қоғамның назарын аударуға арналған.

0
0
122

«Nur Otan»партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Ә.Жақайұлының төрағалығымен семинар

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы​ төрағасының бірінші орынбасары Әбілов Елубай Жақайұлының төрағалығымен «Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері»​ тақырыбында​ БПҰ төрағалары, аймақтық филиалтөрағаларының бірінші орынбасарлары, ПКР мүшелері қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн -семинар өтті.Семинар барысында сайлау жарияланған күннен бастап, яғни 2020 жылғы 21 қазаннан бастап 2020 жылғы 10 желтоқсандағы сағат 18-00-ге дейін, сондай-ақ 2021 жылғы 9 және 10 қаңтарда (қоса алғанда) кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынатындығы ескертілді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы​ Сайлау туралы»​ Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңының 5-тарау, 27-бабына сәйкес Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің ержесі түсіндіріліп,​ БАҚ-пен қарым-қатынас, интернет…

0
0
114