Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көкжиде және Аққала елді мекендерінде таза ауыз су берілді

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Арыс қаласы, Байырқұм және Жиделі ауылдық округтеріне қарасты Көкжиде және Аққала елді мекендерінде таза ауыз су берілді. Ашылу салтанатына шахар басшысы, партия филиалының төрағасы Мұрат Болатұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 2019 жылы республикалық бюджеттен 213,499 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар өндірістік кестеге сай атқарылды. Нәтижесінде бүгін аққалалық 1026 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.

- Биылғы жылы қала тұрғындары қажырлы еңбек етіп, жылды табысты аяқтағалы отырмыз. Бұл да ел ішіндегі ынтымақ пен береке, бірліктің арқасы. Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Сіздердің қуаныштарыңызды бөлісуге келіп отырмыз. Ауылға келген ауыз судың қызығын көріңіздер. Отбасыларыңызға амандық тілеймін – деді қала басшысы.

Бұдан кейін шаһар басшысы Байырқұм ауылдық округіне қарасты Көкжиде елді мекенінде қолданысқа берілген таза ауыз судың салтанатты ашылуына қатысты.

Облыстық бюджеттен 238,11 млн. теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 20,681 шақырымды құрайтын, қуаттылығы тәулігіне 62,31 м3/жыл болатын ауыз су құбырының құрылысын «СМК и Ж7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленген мерзімде ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңадан пайдалануға берілген таза ауыз су желісі арқылы осы Көкжиде елді мекеніндегі 125 тұрғын үйдің 1340 жуық тұрғыны пайдаланатын болады.

Көптеген жылдар құдықтан су ішіп келген қара халық ендігі уақытта арнайы фильтірлерден өтетін таза, табиғи ауыз су пайдаланатын болады. Ұзақ уақыт шешімі табылмаған проблеманың нүктесін қойған қала әкімі Мұрат Болатұлына ауыл тұрғындары алғысын жаудырды.

Айта кетейік, 2021 жылы Арыс қаласы, Дермене ауылдық округі, Орманды елді мекенінде ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 28 млн теңге қаралды. Жоба бойынша елді мекенде орналасқан 4 көшедегі 35 тұрғын үй немесе 272 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

0
0
116

Осы тақырып бойынша