Кәсіпкерлермен кездесті
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен қаланың партия белсенділері «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға ZOOM-конференциясы арқылы шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында микрокредит алудың мехнизмдері туралы ақпарат берді.
