Мазмұнға өту

Жаңа

Жастар Отанға!

«Жастар Отанға!» жобасы аясында жастармен «Өз бизнесіңді қалай ұйымдастыруға болады» тақырыбында кездесу. Кездесу барысында Атамекен кәсіпкерлік палатасы Мәртөк аудандық филиалының менеджер- кеңесшісі Р.Е.Карлыгашева мен жеке кәсіпкер Б.М.Муканова жастардың ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді.

0
0
147

«Ш.Уәлихановтың-әлемі»

Бектау ауылдық үлгілі кітапханасы, «Ш.Уәлихановтың-әлемі»185 жылдығына орай оқырмандар үшін "Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің жарқын жұлдызы" атты виртуалды, тарихи эскизін дайындады.

Бектауская сельская модельная библиотека, подготовила для читателей виртуальную, историческую презентацию "Яркая звезда науки и культуры Казахстана", к 185 летию Ч.Валиханова знакомство с жизнью и деятельностью выдающегося ученого,писателя ,этнографа ,путешественника Казахстана.

0
0
114

мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесу.

Бүгін аудандық филиал ғимаратында аудандық Саяси кеңес мүшесі Айгүл Дүйсенова "Білім" БПҰ мүшелерімен білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

«Кедергісіз келешек»

Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бар. Негізгі мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету болып табылады.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында есепті кезеңге мониторинг жүргізіп, оның барысында Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Бозайғыр ауылындағы «Бөбек» бала бақшасының меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Ғалия Даитова партияның осы жобасы аясында бала бақшада жастар практикасын өтуші, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматшаны аспаздың көмекшісі ретінде жұмысқа орналастырды. Степное селосында орналасқан «Табиғат ТР» жауапкерші…

0
0
147

Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс.

Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. Біржан сал ауданының құрметті азаматы Бочковский Владислав Станиславовичқа барып, 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтадым. Ардагерге зор денсаулық пен бар жақсылықты тілеп, құттықтау хат пен азық-түлік табыс еттім. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, қарияларымызды аялау, үлкенді құрметтеу біздің санаға сіңген міндетіміз.

0
0
214

«Қазақстан менің туған Атамекенім»

палтформасы арқылы кездесуі өтті. Онлайн кездесу барысында З.Н.Усупахметов біраз әңгіме шертті кезінде заманның қыспағына ұшырап, жер жүзіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымыз Тәуелсіздік алғалы атамекенге көптеп орала бастады. Ол үшін арнайы заңда қабылданды. Жиырма сегіз жылдың ішінде миллиондаған этникалық қазақ туған жерге оралып, елдің дамуына үлес қосып келеді. Мемлекет басшымыздың өзі Қ.К.Тоқаевтың өзі биыл «оралман» сөзінен бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деді. Жалпы қандастарымыздың елге оралуы қуантарлық дүние, құптарлық ісекендігі барлығымызды қуантады деп өз сөзін аяқтады. Келесі сөз кезегін өзге елден өз елімізге қоныс аударған кәзіргі таңда асар мөлтек ауданында тұратын қандасымыз Байсапар Айкерім Серікқызы да отанға оралғанына 15 жылдан асқан 3-баланың анасы ота…

0
0
189

«Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» партиялық жобасының іске асуы

«Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» партиялық жобасының іске асуы Ақкөл ауданында арнайы бақылауда тұр. Осы жоба аясында инклюзивті білім беру үшін, жұмыспен қамту үшін, сондай – ақ, қол жетімді инфрақұрылымды максималды қамту үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше назар аударылады. Ақкөл АПФ Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Умирбаев пен АПФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы Валерий Симчук ауданда бұл жобаны жүзеге асыру сұрақтары бойынша Жұмыспен қамту орталығының басшысы Ботакоз Ташеновамен кездесті, сондай-ақ ауданда мүмкіндігі шектулі жандардың жұмыспен қамтуы бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны бойынша сұрақтар талқыланды. Әңгіме барысында Ботагоз Хакимовна 2017-2021 жж. ағымдағы жыл басынан бастап «Еңбек» жаппай к…

0
0
204