«Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» партиялық жобасының іске асуы
«Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» партиялық жобасының іске асуы Ақкөл ауданында арнайы бақылауда тұр. Осы жоба аясында инклюзивті білім беру үшін, жұмыспен қамту үшін, сондай – ақ, қол жетімді инфрақұрылымды максималды қамту үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше назар аударылады. Ақкөл АПФ Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Умирбаев пен АПФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы Валерий Симчук ауданда бұл жобаны жүзеге асыру сұрақтары бойынша Жұмыспен қамту орталығының басшысы Ботакоз Ташеновамен кездесті, сондай-ақ ауданда мүмкіндігі шектулі жандардың жұмыспен қамтуы бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны бойынша сұрақтар талқыланды. Әңгіме барысында Ботагоз Хакимовна 2017-2021 жж. ағымдағы жыл басынан бастап «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы аясында Жұмыспен қамту орталығымен 26 мүмкіндігі шектеулі адамдар жумыспен қамтылды. Олардың 5-і аймақты көгалдандыру бойынша Қоғамдық жұмыстарға, 4-і квотаға сәйкес "Арайлым" Балабақшасы МКҚК-на, «Акколь-Горкомхоз» ШЖқМКК-на, «Аккольская ОАА» МКҚК-на, «№3 Ақкөл орта мектебі» КММ-не жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы бойынша 1 адам ХҚО-на жумысқа тұрғызылды. Мемлекеттің көмегінсіз 16 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар бұл жылы құрылған бос жұмыс орындары мен жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Осы жоба аясында ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстардың мысалы ретінде, Ақкөл ауданындағы Урюпинка ауылында анасы Наталья Николаевнамен бірге тұратын 1 топтағы мүгедек (мүгедектер арбасын пайдаланушы)Евгения Беккердің тарихымен бөлісім келеді. Евгения үйде отырып қораптар, музыкалық колонкалар жасаумен айналысады және мерекеге арналған ауыл тұрғындары үшін видиороликтерді монтаждайды. Бірнеше жылдан бері «Ханшайым» жарнама агенттігімен бірге мерекелік іс-шараларды безендіруге көмектеседі. Өз жұмыстарын бірнеше рет облыстық конкурстарға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болды.


