«Кедергісіз келешек»
Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бар. Негізгі мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету болып табылады.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында есепті кезеңге мониторинг жүргізіп, оның барысында Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Бозайғыр ауылындағы «Бөбек» бала бақшасының меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Ғалия Даитова партияның осы жобасы аясында бала бақшада жастар практикасын өтуші, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматшаны аспаздың көмекшісі ретінде жұмысқа орналастырды. Степное селосында орналасқан «Табиғат ТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жастар практикасын өтуші, үшінші топтағы мүгедекті мамандығы бойынша жұмысқа қабылдады.
Жалпы аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына жұмыспен қамтамасыз етілген мүмкіндігі шектеулі тұлғалар саны – 23, оның ішінде 7 адам квота бойынша, нәтижелі еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 14 адам, жергілікті бюджеттен 2 адам
