«Елорда – елдің бірлігі, Елбасы ерлігі»
Райымбек аудандық партия филиалы «Елорда – елдің бірлігі, Елбасы ерлігі» аттты челленджді қабыл алды,«Елордамыз – Елбасымыздың ерен ерлігі. Мұны жер жүзінің екі жүзге жуық мемлекеттерінің баршасы мойындайды. Бұл – айдай ақиқат. Астана арқылы, Астанада өтіп жатқан дүниежүзілік, халықаралық алуан түрлі, бейбітшілікке, тұрақтылыққа, татулыққа, адамзаттың бүгіні мен бо-ашағына, ізгіліктің мәңгілігіне қызмет ететін ірі-ірі, маңызды да мәнді шаралар арқылы біздің Көшбасшымыз жаһанды таңғалдырып келеді.Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Алматыдан шыққан көш-керуеннің Арқа төсіне, Есіл-Нұра жағалауларына қарай бет түзегені белгілі. Елбасының 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық т…






