Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Семейде рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Семей қаласында мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандарының карантиндік талаптарға сәйкестігін тексеруді жалғастыруда Мониторингтің мақсаты - тұрғындарға коронавирустық инфекцияның таралу қауіпі жойылмағанын және карантиндік талаптардың орындалмауы әкімшілік жауапкершілікке соғатынын еске салу. 2020 жылдың 3-4 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері мониторингтік топтардың жұмысы кезінде бұрын анықталған 5 құқықбұзушылық фактісіне сәйкес ҚР ӘК 425-бабының 1 бөлімі бойынша хаттамалар толтырып, айыппұл салды. Екі айыппұл тыйым салынған уақытта қызмет көрсеткен «Тамыр» сауда үйі мен «5 звезд» моншасының иелеріне салынды. Қалған, 3 айыппұл «Алтын ғасыр» мейрамханасында өткізілген отбасылық іс-шараға (құдалық) қатысқан 1975, 1982 және 1999 жылғы қала тұрғындарына салынды. 5 құқықбұзушылық фактісі бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 638 940 теңгені құрайды.

0
0
176

Осы тақырып бойынша

Семейде рейдтік іс-шаралар жалғасуда - Yvision.kz