Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау басты назарда

Облыстық мәслихат депутаттарының отырысында - «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері қоғамдық және кәсіподақ бірлестіктерінің белсенді мүшелерімен кездесіп, «Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау» тақырыбы аясында талқылау жүргізді.

БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – Асылұлан Досжанов еңбек құқығын қорғау шаралары туралы айта отырып, биылғы жылы 600-ден астам батысқазақстандықтың жұмыс берушілерге қатысты арыз-шағымдармен жүгінгендігін атап өтті. Сонымен қатар, шағымданушы көптеген азаматтардың өзінің құқықтары туралы біліктіліктерінің аз болуына байланысты және жұмыс берушімен еңбек қатынастарында орын алатын еңбек даулары кезінде қалай қорғалатындығын білмеуінің нәтижесінде көбірек жеңілістерге ұшырайтындығын атап өтті.

Жиын барысында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы - Лияна Тұрсынова жеке кәсіпкерліктің, атап айтқанда, төтенше жағдайлар мен карантин кезінде еңбек құқықтары қорғалмаған жеке кәсіпорындардың қызметкерлерінің мәселелерін көтерді. Нәтижесінде, жеке кәсіпкерлік қызметкерлері арасында олардың еңбек құқықтарын қорғайтын және әлеуметтік кепілдіктер беретін кәсіподақ ұйымын құру ұсынылды.

Бүгінгі жиынның қатысушыларының бәрі дерлік – халықпен, қоғаммен тікелей байланыста жүрген өкілдер. Сондықтан да, тың ақпараттарға толы әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген бірлестіктердің жұмысымен танысып, ұсыныстарымен бөлісу – халықпен ашық тілдесуде, кері байланыс орнатуда маңызды қадам деп білеміз.

0
0
141

Осы тақырып бойынша