Рәмізге құрмет — әр азаматқа міндет


Мемлекеттік қызметшіге моральдық-әдептілік бағыттағы қойылатын талап пен сенім жоғары. Бастысы, әр қызметші өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындау негізінде біліктілігі мен білімін, тәжірибесін ұштастыру арқылы Отанына адал қызмет етуі тиіс. Қызмет барысында көпшілікпен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра білу керек.Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында жиын өтті. Мақсат – педагог мамандар мен партия мүшелерінің арасында әдеп кодесінің сақталуына басымдық беру. «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге институт оқытушылары мен қызметкерлері, партия мүшелері қатысты.Қызметкерлерге қойылатын талап пен тәртіпті әркез назарға алу мақсатында өткізілген кездесу барысында институт директорының орынбасары Сәкен Серікбаев сөз алып, кодекстің негізгі бағыттарын…
04.12.2020 жылы "Техникалық оңалту құралдарының автоматты ақпараттық жүйесі" тақырыбында онлайн - конференция өтті, оған медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары, сондай-ақ Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының дәрігерлері қатысты. Конференцияны Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті дайындады. Медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеу бойынша ақпарат, сондай-ақ қандай да бір оңалту құралдарын ОТҚ ААЖ-да жеке іріктеу алгоритмі ұсынылды.***Конференция на тему «Автоматическая информационная система технических средств реабилитации».04.12.2020г. состоялась онлайн - конференция на тему «Автоматическая информационная система технических средств реабилитации», в которой пр…

Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының «Зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн» атты тақырыбында Республикалық науқанның аясында «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы!» атты тақырыпта сынып жетекшілер сынып сағатын өткізді.
Кеше «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалына қарасты он сегіз бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтті. Онда партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау мәселесі қаралды.

Жалпы кодексте партия мүшелерінің заңнаманы сақтауы және қадірлеуі, қазақстандық патриотизмді дамытуы, партиялық тәртіпті бұлжытпай орындауы, сонымен қатар көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық жүріс-тұрысы нормаларға сай болуы керек екені айтылған. Сонымен қатар әдеп кодексі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында партия мүшелерінің жүріс-тұрыс эталондарын бекіту мақсатында қабылданғаны белгілі. Бағдарламалық құжат пен партия жарғысын сақтау – ең үлкен жауапкершілік.



«Тәуелсіздік – желтоқсан шежіресі» тақырыбында Абай атындағы орта мектеп пен Аққыстау орта мектебі бірлесіп кездесу сұхбатын өткізді. Шарада ардагер ұстаз Әлия апай тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасы жөнінде естіген, көргендерін, тәуелсіздіктің оңай келмегенін мектеп оқушыларына әңгімеледі. Сонымен қатар кездесуге қатынасқан Тәуелсіздіктің құрдастары өздерінің тәуелсіздік алған жылда дүниеге келгендерін мақтаныш санайтындарын жеткізді. Шара соңы мерекелік ән-шашуға ұласты.

Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Б. Сәдуақас және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы Р. Отегулованың қатысуымен отырыс болып өтті.
Кездесуде басты тақырып «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында атқарылған шаралар мен жұмыс орындарымен қамтамасыз етілу жай-күйі туралы болды. Отырыста аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысы Б. Кенжалиев, аудандық жұмыспен қамту орталығы директоры А. Нурбаева, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы М. Қалжанов аталмыш бағдарлама аясында атқарылған шаралар туралы баяндап, партиялық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Саяси кеңестің мүшесі Қ.Арыстанбековтың қатысуымен Ауған соғысы ардагерлерімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

