Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз!
«Тәуелсіздік – желтоқсан шежіресі» тақырыбында Абай атындағы орта мектеп пен Аққыстау орта мектебі бірлесіп кездесу сұхбатын өткізді. Шарада ардагер ұстаз Әлия апай тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасы жөнінде естіген, көргендерін, тәуелсіздіктің оңай келмегенін мектеп оқушыларына әңгімеледі. Сонымен қатар кездесуге қатынасқан Тәуелсіздіктің құрдастары өздерінің тәуелсіздік алған жылда дүниеге келгендерін мақтаныш санайтындарын жеткізді. Шара соңы мерекелік ән-шашуға ұласты.

