Мазмұнға өту

Жаңа

Ел тарихындағы маңызды оқиғаларды дәріптеуге бағытталған акция өтті.

Nur Otan партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен жастар арасында Ел тарихындағы маңызды оқиғаларды дәріптеуге бағытталған акция өтті.

Белсенділер қаламыздың ірі сауда-саттық орталықтарында тарихи оқиғалар жазылған буклеттер таратты. Мұндай шара тұрғындар арасында ұлттық тарихқа деген құрметті нығайтып, тәуелсіздік тұғырына қалай жеткеніміз туралы мәңгі ұмытпауға үйретеді.

0
0
158

«Тәуелсіз елдің жетістікері» тақырыбында онлайн форматта кітап көрмесі

Ел Тәуелсіздігіне 29 жыл толуының қарсаңында бүгін «Тәуелсіз елдің жетістікері» тақырыбында онлайн форматта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрермен назарына 29 жылда басылып, ел тарихынан сыр шертетін, сондай-ақ бүгіні мен болашағын сипаттайтын кітаптар ұсынылды.

Тәуелсіздік маржандарын паш еткен іс-шараға қала тұрғындары, жас және зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

0
0
181

«Мирас» кеңесі мүшелерінің кездесуі

Бүгін онлайн форматта Өзбек этномәдени орталығы және «Мирас» кеңесі мүшелерінің кездесуі өтті. Жиынға Қоршаған ортаны қорғау мен БАҚ өкілдері және зиялы қауым мүшелері қатысты.

Инстаграм желісінің тіклей эфирінде өткен жиынды Тахирбек Фархадович НИШАНБАЕВ жүргізді. Ол қатысушыларға Өзбек этномәдени орталығының соңғы жаңалықтары жайлы баяндады.

Тахирбек Фархадович қала тұрғындарының сүйікті – палау фестивальі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша карантиндік шаралар аяқталған соң, аталмыш іс-шара қайта жанданады.

0
0
180

Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің мүшелерінің Мониторг жұмыстары

Бүгін Шымкент қаласы, «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің мүшелері Сайрам тұрғын алабындағы "Нұр Сайрам" базарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында Сайрам тұрғын алабында орналасқан бірқатар базар кәсіпкерлеріне санитарлық нормаларды қатаң бақылауда ұстау, қоғамдық орындарда бетперде (маска) тағу, арақашықтық сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды.

Барша Шымкент тұрғындарынан қоғамдық ортада өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін санитарлық ережелерді қатаң бақылауда ұстап, карантин талаптарын сақтауға шақырамыз!

0
0
276