Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақстан – ортақ мекеніміз» атты тақырыбында кездесу өтті.

Арқалық қалалық мәслихатының депутаты Амангелді Ахметжанов Арқалық қаласының Үкімет емес Ұйымының мүшелерімен «Қазақстан – ортақ мекеніміз» атты тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Қазақстандық патриотизмге және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға баулу. Тәуелсіз Қазақстанның әр жылдардағы жетістіктерін сараптау, өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру болды.

0
0
345

Жүйе құраушы кәсіпорын өкілдерімен кездесті

"Nur Otan" партиясы Саяси кеңес мүшесі Талғат Балабиев пен кәсіпкерлер палатасы Кентау қалалық филиалының төрағасы Мұрат Садуов жүйе құраушы кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Онлайн өткен басқосуда кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулар мен қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды

"Яссы-несие" ұжымымен кездесті

"Nur Otan" партиясы Саяси кеңес мүшесі Талғат Рахымұлы мен кәсіпкерлер палатасы Кентау қалалық филиалының төрағасы Мұрат Нұралыұлы "Яссы-несие" ұжымымен кездесті. Онлайн өткен басқосуда кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулар мен қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды

0
0
117

Волонтерлер жиналысы өтті.

Жиналыс барысында волонтерлер өз ойларын ортаға салып, алдағы сайлауда кандидаттарға қолдау білдіру үшін аянып қалмайтындарын жеткізді. Волонтерлердің кураторы А.Қайырханов: "Алда ел үшін жауапты кезең. Елімізде алғаш рет праймериз өтіп, лайықты кандидаттар іріктелді. Осы ретте біз де партиялық тізімге өткен кандидаттарды қолдап, одан әрі халықпен тығыз байланыс орнатуына алтын көпір болуымыз шарт. Ақпаратпен қамтасыз ету, яғни халықты құлақтандыру жұмысына аса мән беруіміз қажет. Осы кезде "Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық" деп, Ел Президенті Қ.Тоқаев айтқандай, бәріміз біріге азаматтық танытып, ел сенімін ақтайық" – деді. Жиналыс соңында волонтерлер өздерінің жұмыс бағыттарын айқындап, жұмысты бастауға дайын екендерін жеткізді.

0
0
133

Халық қалаулылары жастармен кездесті

Кентау қалалық мәслихатының депутаттары Талғат Балабиев пен Талғат Садуов жастармен кездесті. Оқу орындарын бітіруші жастарды ауылға барып еңбек етуге шақырған халық қалалулылары мемлекеттен берілетін қолдаулар жайында кең көлемде айтып өтті. Жастардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

0
0
151