Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің мүшелерінің Мониторг жұмыстары
Бүгін Шымкент қаласы, «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің мүшелері Сайрам тұрғын алабындағы "Нұр Сайрам" базарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында Сайрам тұрғын алабында орналасқан бірқатар базар кәсіпкерлеріне санитарлық нормаларды қатаң бақылауда ұстау, қоғамдық орындарда бетперде (маска) тағу, арақашықтық сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды.
Барша Шымкент тұрғындарынан қоғамдық ортада өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін санитарлық ережелерді қатаң бақылауда ұстап, карантин талаптарын сақтауға шақырамыз!
