Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы, Серікова Гүлшат Қошаханқызы, Меңдібаев Абзал Меңдібайұлы аудан тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті. Әр үміткер өзінің алдағы нақты жоспарларын көпшіліктің назарына ұсына отырып, халық тарапынан түскен ұсыныс пікірлерге, көкейтесті мәселелерді ортаға салып, жауап беріп отырды. Жиын барысында көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Кандидаттар, халықтың әлеуетін көтеру жолында жұмыстана беретіндіктерін жеткізді.
Кездесу соңында ауыл ақсақалдары депутаттардың алдағы жоспарлы жұмыстарына сәттілік, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, қызметтерін ары қарай жандандыра беруге тілек білдірді.

