Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке"

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес бірқатар кандидаттар "Есіктен есікке" акциясы аясында Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шарада халықтың мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына көңілдері толатынынына көз жеткізіп қайтты. "Есіктен есікке" акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Бірінші Мамыр ауылының ардагері, ауданның Құрметті азаматы 86 жастағы Қапалбай Мырзақұловтың отбасына барды. Қапалбай ата мен үйдегі Ардақ апамыз да 10 қаңдарда өтетін сайлаудан хабардар екен. Көзі ашық, көкірегі ояу қариялар сайлауда еліміздің бас партиясын қолдайтынын жеткізіп, жастарға ақ батасын берді.

4
0
161

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" - Yvision.kz