Мазмұнға өту

Жаңа

Ержан Нашаров сайлау алдындағы үгіт науқаны аясында Ғ.Мұстафин кентінің тұрғындарымен кездесу өткізд

 Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаттығына "Nur Otan" партиясының тізімінен кандидат Ержан Нашаров сайлау алдындағы үгіт науқаны аясында Ғ.Мұстафин кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кандидат "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттары: халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ауданда қабылданатын шараларды іске асыру туралы, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, жұмыс орындарын құру, тұрғын үй салу және партияның күнделікті қызметінде негізгі болып табылатын басқа да бағыттары туралы толықтай ақпарат берді.

В рамках агитационной предвыборной кампании, кандидат в депутаты Бухар-Жырауского районного маслихата от партийного списка  «Nur Otan” Ержан Нашаров провёл встречу с жителями посёлка Г. Мустафина.

Кандидат рассказал об основных приоритетных направлениях Предвыборной программы партии «Nur Otan”.

О реализации мер, принимаемых в районе, в целях улучшения качества жизни населения. Это развитие предпринимательства, сельскохозяйственной сферы, создание рабочих мест, строительство жилья и других направлений, являющихся основными в повседневной деятельности партии.

2
0
211

Партиялық бақылау комиссиясы негізгі өнім бағасының мониторингін тексеру мақсатында рейд өткізді.

«Nur Otan» партиясы Нұра аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясы негізгі өнім бағасының мониторингін тексеру мақсатында рейд өткізді.

Комиссия төрағасы Нұра кентіндегі алғашқы қажетті азық-түлік дүкендерін аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ қазіргі жағдайға байланысты дүкеннің ішінде сатып алушылар арақашықтықты сақтауы, сатушылар бетперде мен антисептикалық құралдарды қолдануы, дүкенде санитарлық нормалар сақтауы жөнінде айтылды.

0
0
158

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған флешмоб.

Бұқар жырау ауданында "Jas Otan" жастар қанатының өкілдері, белсенділер мен еріктілер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған флешмобқа қатысты.

В Бухар-Жырауском районе, представители молодёжного крыла “Jas Otan”, активисты и волонтеры приняли участие во флешмобе, посвящённом Дню Независимости Республики Казахстан.

1
0
200

Балқұдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер  Ө.Есенғазиев Балқұдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесу барысында 2025 жылға дейінгі 7 нақты міндеттер қамтылған сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

0
0
263

Партиямызға ел тағдыры үшін үлкен жауапкершілік жүктелген.

Қадірлі жерлестер! Өздеріңізге белгілі, Еліміздің Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. «Nur Otan» партиясының кандидаттар тізімінде мен де бар болғандықтан, үгіт-насихат жұмыстарын халық арасында жүргізетін боламыз.

«Nur Otan» – халықтық партия. Партиямызға ел тағдыры үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Халқымыздың қасиетті құндылығы – Тәуелсіздік. Қазақстанның барлық табыстарына Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізілді. Тәуелсіздік – бар бақытымыздың бастауы.

Қалыптасқан мемлекеттің берік іргетасын орната отырып, біз алдағы кезде де, партиямызбен бірлесе отырып халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайта береміз.

Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың күш-жігері түгелдей Тәуелсіздікті нығайтуға бағытталуға тиіс. Елдігімізді қорғау – біздің Тарих алдындағы, болашақ ұрпақтар алдындағы парызымыз.

Қазіргі таңда мемлекеттің орнықты дамуы үшін қажетті жағдай жасалған.

Өркендеу дегеніміз – барлық азаматтардың өмір сапасын ұдайы жақсартуды қамтамасыз ететін экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу. Сондықтан партиямыздың негізгі міндеті– орнықты экономика мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың арқауы болып табылатын қуатты орта тапты қалыптастыру.

«Nur Otan» партиясы Қазақстанның одан әрі өркендей беруі үшін  жауапкершілік алады.

Алдағы уақытта Қазығұрт ауданының экономикалық және де демографиялық дамуы жолындағы сайлау алды бағдарламасымен таныстыратын боламын.

0
0
180