Партиямызға ел тағдыры үшін үлкен жауапкершілік жүктелген.
Қадірлі жерлестер! Өздеріңізге белгілі, Еліміздің Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. «Nur Otan» партиясының кандидаттар тізімінде мен де бар болғандықтан, үгіт-насихат жұмыстарын халық арасында жүргізетін боламыз.
«Nur Otan» – халықтық партия. Партиямызға ел тағдыры үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Халқымыздың қасиетті құндылығы – Тәуелсіздік. Қазақстанның барлық табыстарына Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізілді. Тәуелсіздік – бар бақытымыздың бастауы.
Қалыптасқан мемлекеттің берік іргетасын орната отырып, біз алдағы кезде де, партиямызбен бірлесе отырып халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайта береміз.
Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың күш-жігері түгелдей Тәуелсіздікті нығайтуға бағытталуға тиіс. Елдігімізді қорғау – біздің Тарих алдындағы, болашақ ұрпақтар алдындағы парызымыз.
Қазіргі таңда мемлекеттің орнықты дамуы үшін қажетті жағдай жасалған.
Өркендеу дегеніміз – барлық азаматтардың өмір сапасын ұдайы жақсартуды қамтамасыз ететін экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу. Сондықтан партиямыздың негізгі міндеті– орнықты экономика мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың арқауы болып табылатын қуатты орта тапты қалыптастыру.
«Nur Otan» партиясы Қазақстанның одан әрі өркендей беруі үшін жауапкершілік алады.
Алдағы уақытта Қазығұрт ауданының экономикалық және де демографиялық дамуы жолындағы сайлау алды бағдарламасымен таныстыратын боламын.
