ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Лұқбек Тумашинов Аягөзде экспромт-кездесу өткізді
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Лұқбек Тумашинов Аягөз қаласындағы "Керемет" сауда үйінде тұрғындармен экспромт-кездесу өткізді. Кездесуде үміткер өңірдің "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелері мен басты бағыттарын тыңдаушыларға жеткізді, сондай-ақ ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

