«Анасы бар адамдар Ешқашан қартаймайды...»
12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясының Медеу аудандық филиалында Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың қатысуымен көпбалалы аналармен үгіт-насихат кездесуі өтті. Кездесу барысында көпбалалы аналар «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламалары туралы хабардар етілді. Бұл бағдарламалар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған. Облигациялар шығару есебінен партия 13 888 адамға арналған 3 472 пәтер салуға шамамен 50 млрд теңге бөлді. Тұрғын үй сатып алу кезегінде 26 175 адам тұр. Қалада тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір қала тұрғынына шаққанда 25,7 м2-ге дейін жақсарды, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 963 мұқтаж тұрғын, ал 2020 жылы тағы 3 593 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Партияның көмегімен 5 жыл ішінде 16,5 мың мұқтаж отбасы өз пәтерлерін алады, ал қала бойынша бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 30 м2-ге дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылым тақырыптары қозғалды: 3,9 мың орындық 15 мемлекеттік балабақшаның құрылысы, бұл кезекті 23 мың орынға төмендетуге мүмкіндік береді. Айта кетсек , партия мұқтаж жандарға үздіксіз көмек көрсетуде: халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 245,5 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілді; аудандық әкімдіктер, "Nur Otan" партиясы және "жаңа Алатау" ҚҚ арқылы 53,6 мың адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етілді; 4,9 мың аз қамтылған отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 4 мыңға жуық балаға кепілдік берілген әлеуметтік пакеттер берілді. Біз тек бірге нәтижеге қол жеткіземіз! Сіздің дауысыңыз біз үшін өте маңызды! БІЗ БІРГЕМІЗ!
