Мазмұнға өту

Жаңа

Сайлау алдындағы үгіт-насихат аясында ХҚКО-да мәслихат депутаттығына кандидаттардың Қордай ауылы...

Сайлау алдындағы үгіт-насихат аясында ХҚКО-да мәслихат депутаттығына кандидаттардың Қордай ауылының тұрғындарымен экспромт-кездесуі өтті

8
0
158

Сауда үйлерінде насихат жұмыстарын жүргізді

«Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидат Гүлжан Құрманбекова және Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Қаблан Елеусізов пен Үсен Рахмет орталық базарда және сауда үйлерінде болып, сайлаушылармен кездесті. Үгіт - насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

0
0
142

Көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді.

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Саран қаласындағы көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары түсіндірілді.

Қаланың барлық тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
168

"Денсаулық" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидат Хайрулла Қожабаев пен Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткер Асылбек Утебаев "Денсаулық" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп,  тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

0
0
221

Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

«Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидат Хайрулла Қожабаев Кентау трансформатор зауытының ұжымымен және жүйе құраушы кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Онлайн өткен кездесуде  үгіт - насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

0
0
128

Сайлауалды бағдарламамен танысты

1999 жылы негізі қаланған партияның қатарына миллиондаған қазақстандық қосылып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы болып отыр. Әрдайым халықтың пікіріне сүйеніп, мүддесі мен қажеттілігін біліп отыруды алдыңғы орынға қояды.

Партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жолында жасаған жұмыстарында шек жоқ деуге болады. Партияның қызметі өткенмен тоқтамақ емес, алға жылжып, жақсару, кемелдену бағытында дамымақ. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдың әл-ауқатын көтеру, медицинаға қолдау, дәрігерлердің жалақысын көтеру, тұрақты жұмыс орындарын ашу,  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең мүмкіндік, қарттарға қамқорлық, сапалы білім, заң, кәсіпкерлік, жалпы барлық салада прогресс жасауға мүдделі.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Nur Otan»-ның халықпен бірге еңсерген жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде облыстық сайлауалды штабтың басшысы Елубай Әбілов «Қазақтеңізфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлерімен өткен кездесуде айтып кетті. Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Қалым Бисенов пен Ахмет Салманов та сөз алып, әрбір ел азаматының саяси белсенді болуы мемлекеттің болашағы үшін маңызды екенін жеткізді. "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС Департамент директоры Қуаныш Есетов мекемеде 250-ге жуық адам қызмет ететінін айтып, әрбір азамат азаматтық позициясын жеткізуі әрі барлығы партияның жоспарлы жұмысымен танысуы үшін алдағы уақытта онлайн кездесулер өткізу ұсынысын білдірді. Себебі көп қызметкерлер Құрық, Баутиндегі жұмыс орындарында және қашықтан жұмыс жасауда.

Дәл осындай шара түске қарай «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ ҰК мәжіліс залында жалғасын тапты. Компания қызметкерлеріне үгіт-насихаттық парақшалар таратылып, партияны қолдауға шақырды. Мұнда облыстық мәслихат депутатына кандидат Абай Турикпенбаев пен қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Гүлден Иманғалиева, Арайлым Шамшадинова, қалалық сайлауалды штаб басшысының орынбасары Мұратбек Досжанов қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасын толық баяндады. А.Турикпенбаев кездесулердің ұйымдастырылуы әрбір ел азаматымен тікелей сұхбат құрып, ұсыныстарын тыңдап, мәселелерін біліп, кері байланыс орнату мақсатында жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етіп, сауалдарын қоюды сұрады. Компания қызметкерлері зейнетақы қорындағы қаражатты басқа да қажеттіліктер үшін алу, жағажайларды тазарту ұсыныстарын білдірді. Г.Иманғалиева әрбір Қазақстан азаматының еңбек етіп болашағы үшін жинаған қаржысы тұрмыстағы ең маңызды қажеттіліктері үшін пайдаға асқаны дұрыс екенін айтып, десе бұл ұсыныстар маңызға алынатынын жеткізді.

Манғыстау  облысының «Nur Otan» партиясы  Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Выборы-2021

0
0
1402

Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

«Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидат Хайрулла Қожабаев Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен жиында үгіт - насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

0
0
210

Аудандық сайлауалды штабаның мүшелері колледж қызметкерлері және студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында С.Жолдасова "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 5 жылдық бағдарламасын және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерді таныстырды.

Сайлау алды штаб басшысы С.Жолдасова бағдарламаны түсіндіре келе жастарды саяси белсенді болуға шақырды. "Н.Ә. Назарбаев: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді. Бүгінгі таңда жаңашыл ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейді. Бұл жастар мемлекеттің болашағына үмітпен қарап, еліміздің дамуына, 30 елдің қатарына қосылуға білім мен іскерлігін көрсетуге аянбайды. Әр өңірде жастар маслихатына қабылданып, тіпті облыстың басқармаларын тізгіндеп жатқан жастар қатары да көбейе түсті. Оған басты себепкер болған Елбасымыздың жастар саясаты бағытындағы бағдарламалары. Екінші бір мүмкіндік жастар ұйымдарының жұмыстары. Алдымен бұл қатарға Елбасымыз төрағасы болып табылатын «NurOtan» партиясы жанындағы «JasOtan» жастар қанатын айтуға болады" – деді сайлауалды штаб басшысы Светлана Түгелқызы

"Ел Презинденті Қ.Тоқаев "Партияның жаңа бағдарламасы орындалады. Бұл құжат елді одан әрі жаңғыртуға және барлық қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады." деген еді. Осы кезде Президент сайлау науқанын ойдағыдай өткізу үшін үгіт-насихат жұмысын жоспарлы түрде, халықпен кездесу өткізу арқылы керек деп, нақты тапсырма берді. Осындай ашық диалог арқылы сіз бен біз тағы да жақындай түсеміз." – деді депутаттыққа үміткер Б.Джулдибаева.

Кездесу барысында студенттер мен мұғалімдерден көптеген сұрақтар келіп түсті. Колледж мұғалімі "Жеке балабақша қабылдау жасын айтып жіберсеңіз, өзіңіз қандай көмек беріп жатсыз?" деген сұрағына Б.Джулдибаева "1,5 жастан бастап жас балапандарымызды қабылдаймыз және 50%-дық жеңілдігіміз бар, балаларды автобуспен қатынау жұмысы да қолға алынған. Алдағы уақытта одан әрі халықтың жағдайын жақсартуға жұмыла жұмыс істегім келеді" - деді.

Аудандық штаб құрамының мүшесі, мәслихат депутаттығына үміткер Н.Мендалиев "Барша жастарды, халықты сайлауға білсенді қатысуға шақырамын" - деді.

Мединица саласы бойынша қандай қолдау бар деген сұраққа Н.Мендалиев "Жас мамандарды қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр, жас мамандардың жергілікті жерге жұмыс істеуге шақыру бойынша түрлі шаралар жасап, қала берді медицина мамандығына түсуді арман еткен жас түлектерге келісім шарт арқылы жергілікті органдар көмек қолын созуда" - деді.

Н.Мендалиев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы да айтып өтті.

Су мәселі бойынша штаб мүшесі А.Құрманов айтты. Жаз маусымында судың жетіспеушілігін де айтып, пайдалану мөлшерінен асып кетпеу керектігін ескертіп, алдағы уақытта осы мәселені шешу мақсатында жоба жасақтап жатқандығын айтып өтті.

Аудандық мәслихат депутатына үміткер Е.Жеткізгенов "Өздеріңіздің ұсыныстарыңыз болса ашық түрде хабарласуларыңызға болады" деді.

Кездесу соңында студенттер мен ұстаздар алдағы сайлауда сәттілік тіледі. Және де қоғамдық қабылдаудың да жұмысы басталып кеткенін айтып, алдын ала жазылып толғандырған сұрақтарын қоюға болатынын айтып өтті.

0
0
195

Өңірде 693-белсенді жас сайлауалды үгіт науқанына қатысуда

Жастардың жұмыстарын үйлестіру мақсатында жастар штабы құрылды. Жастар штабы құрамында белсенді жастармен қатар, ҮЕҰ мен БАҚ, студенттер, өңірдегі әртүрлі салада қызмет атқаратын жастар да бар. Жастардың негізгі міндеті сайлауалды үгіт материалдарын тарату, «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, партияға дауыс беруге шақыру.

«Мен «Yessenov Universitety» ІІ курс студентімін. Қазір «Nur Otan» партиясының сайлау алды үгіт науқанына қатысып жүрмін. Маған осы науқанға қатысып, партияға дауыс беруге шақыру ұнайды. Көптеген жаңа достар таптым, үгіт кезеңінде шараларды ұйымдастырып, тұрғындармен кездесіп, өзім үшін жақсы тәжірбие жинаудамын» дейді Дүйсен Аружан.

0
0
164

«Емхана» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн-кездесу

2020 жылы 14 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы және Бекембаев Жақсылық Рахманберліұлы ZOOM платформасында «Емхана» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн-кездесу өткізді. Жанбол Қарымсақұлы іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.

Өз сөзінде ол «Бұл жыл бәрімізге адам баласының ең басты құндылығы денсаулық пен білім екенін дәлелдеді.

Адамның баға жетпес байлығы – бұл ауру мен дене жарақатының болмауы ғана емес, деннің саулығы, рухани байлық пен әлеуметтік әл-ауқаттың артуы.

«Nur Otan» партиясы өз алдына денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, тұрғын үймен және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, қауіпсіз орта құру және қорғау мақсатын қойып отыр»,-деп атап өтті.

Кездесу соңында «Емхана» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
156