«Емхана» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн-кездесу
2020 жылы 14 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы және Бекембаев Жақсылық Рахманберліұлы ZOOM платформасында «Емхана» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн-кездесу өткізді. Жанбол Қарымсақұлы іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.
Өз сөзінде ол «Бұл жыл бәрімізге адам баласының ең басты құндылығы денсаулық пен білім екенін дәлелдеді.
Адамның баға жетпес байлығы – бұл ауру мен дене жарақатының болмауы ғана емес, деннің саулығы, рухани байлық пен әлеуметтік әл-ауқаттың артуы.
«Nur Otan» партиясы өз алдына денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, тұрғын үймен және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, қауіпсіз орта құру және қорғау мақсатын қойып отыр»,-деп атап өтті.
Кездесу соңында «Емхана» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021


