Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық сайлауалды штабаның мүшелері колледж қызметкерлері және студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында С.Жолдасова "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 5 жылдық бағдарламасын және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерді таныстырды.

Сайлау алды штаб басшысы С.Жолдасова бағдарламаны түсіндіре келе жастарды саяси белсенді болуға шақырды. "Н.Ә. Назарбаев: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді. Бүгінгі таңда жаңашыл ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейді. Бұл жастар мемлекеттің болашағына үмітпен қарап, еліміздің дамуына, 30 елдің қатарына қосылуға білім мен іскерлігін көрсетуге аянбайды. Әр өңірде жастар маслихатына қабылданып, тіпті облыстың басқармаларын тізгіндеп жатқан жастар қатары да көбейе түсті. Оған басты себепкер болған Елбасымыздың жастар саясаты бағытындағы бағдарламалары. Екінші бір мүмкіндік жастар ұйымдарының жұмыстары. Алдымен бұл қатарға Елбасымыз төрағасы болып табылатын «NurOtan» партиясы жанындағы «JasOtan» жастар қанатын айтуға болады" – деді сайлауалды штаб басшысы Светлана Түгелқызы

"Ел Презинденті Қ.Тоқаев "Партияның жаңа бағдарламасы орындалады. Бұл құжат елді одан әрі жаңғыртуға және барлық қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады." деген еді. Осы кезде Президент сайлау науқанын ойдағыдай өткізу үшін үгіт-насихат жұмысын жоспарлы түрде, халықпен кездесу өткізу арқылы керек деп, нақты тапсырма берді. Осындай ашық диалог арқылы сіз бен біз тағы да жақындай түсеміз." – деді депутаттыққа үміткер Б.Джулдибаева.

Кездесу барысында студенттер мен мұғалімдерден көптеген сұрақтар келіп түсті. Колледж мұғалімі "Жеке балабақша қабылдау жасын айтып жіберсеңіз, өзіңіз қандай көмек беріп жатсыз?" деген сұрағына Б.Джулдибаева "1,5 жастан бастап жас балапандарымызды қабылдаймыз және 50%-дық жеңілдігіміз бар, балаларды автобуспен қатынау жұмысы да қолға алынған. Алдағы уақытта одан әрі халықтың жағдайын жақсартуға жұмыла жұмыс істегім келеді" - деді.

Аудандық штаб құрамының мүшесі, мәслихат депутаттығына үміткер Н.Мендалиев "Барша жастарды, халықты сайлауға білсенді қатысуға шақырамын" - деді.

Мединица саласы бойынша қандай қолдау бар деген сұраққа Н.Мендалиев "Жас мамандарды қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр, жас мамандардың жергілікті жерге жұмыс істеуге шақыру бойынша түрлі шаралар жасап, қала берді медицина мамандығына түсуді арман еткен жас түлектерге келісім шарт арқылы жергілікті органдар көмек қолын созуда" - деді.

Н.Мендалиев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы да айтып өтті.

Су мәселі бойынша штаб мүшесі А.Құрманов айтты. Жаз маусымында судың жетіспеушілігін де айтып, пайдалану мөлшерінен асып кетпеу керектігін ескертіп, алдағы уақытта осы мәселені шешу мақсатында жоба жасақтап жатқандығын айтып өтті.

Аудандық мәслихат депутатына үміткер Е.Жеткізгенов "Өздеріңіздің ұсыныстарыңыз болса ашық түрде хабарласуларыңызға болады" деді.

Кездесу соңында студенттер мен ұстаздар алдағы сайлауда сәттілік тіледі. Және де қоғамдық қабылдаудың да жұмысы басталып кеткенін айтып, алдын ала жазылып толғандырған сұрақтарын қоюға болатынын айтып өтті.

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Аудандық сайлауалды штабаның мүшелері колледж қызметкерлері және студенттерімен кездесті. - Yvision.kz