Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылау бойынша жиналыс

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясының АҚФ қызметкерлері, «Nur Otan» партиясының “Кедергісіз келешек” жобасының төрайымы Баян Жалмағанбетова, Ақтау қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының «жұмыс іздеушілерге жәрдемдесу және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жүгіну» секторының басшысы Омарбай Динара Беккожақызы қатысты.

Модератор - «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалыны жанындағы Саяси қоғамдық кеңесінің мүшесі Әбдісадық Ғани Ғабитұлы.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қашанда басты назарда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігі айтылған болатын. “Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз”, – деген болатын Н. Ә. Назарбаев. Жолдауды іске асыру жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тиісті уәкілетті органдарға мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және оларға қолжетімді инфраструктура, яғни, «кедергісіз орта» құру бойынша ұсыныс енгізу ұсынылды.

Бүгінде Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар шаралар жүргізілуде. Динара Омарбайдың айтуынша, қазіргі таңда Ақтау қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар хабарласып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында белсенді шараларға қатысқан. Оның ішінде жастар тәжірибесімен 7 адам, әлеуметтік жұмыс орнымен 1 адам, қоғамдық жұмыспен 118 адам қамтылған. 3 адам жұмыс берушілердің өтінімі бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқуға қатысып әрі қарай жұмысқа орналасты. 10 адамға жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттар берілді. Тұрақты жұмыспен 39 адам қамтылған.

Онлайн форматта өткізілген жиынға қатысушылар тақырып аясында пікірлерін ортаға салып, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жолдарын талқылады.

0
0
174

Осы тақырып бойынша

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылау бойынша жиналыс - Yvision.kz