Мазмұнға өту

Жаңа

Түпқарағанда Мұрын жырау музейі ашылды

Өңір басшысы Форт - Шевченко қаласында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі аясында «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы» музейінің ашылу салтанатына қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қорының бір бөлігі болып табылатын музейде жыраудың барлық шығармашылығы жинақталған. Сонымен қатар, «Қырымның қырық батыры» жырын тұтастай жырлап өткен көрнекті суырып салма ақынның өмірі мен шығармашылығынан алынған бірегей экспонаттар қойылған. Мұражай Мұрын жыраудың өзі тұрған үйдің жанында тұрғызылған. Үйге жөндеу  жұмыстары жүргізіліп, ол мұражайдың тағы бір көрнекті жері ретінде пайдаланылады.

Аймақ басшысы аудан тұрғындарын еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңадан ашылған нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

«Бұл музейдің тек Маңғыстаулықтар емес, бүкіл республикаға рухани асыл мұрамыз ұлық жыршы  Мұрын Жырау Сеңгірбекұлының және осы жырау атымен ұлықталған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің түркі мәдениеті тарихында алатын орны ерекше және құндылықтарымызды насихаттау болып табылады.

Музей ұжымына өңір тарихының жанашыры болып, мәдениетіміздің дамуына жәдігерлер қорының толыға беруін тілеймін.

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!»-деді облыс әкімі.

Бұдан кейін аймақ басшысы Форт-Шевченко қаласындағы су жинау иммаратының қайта құрлымдаумен 1000 кубтық 2 су қоймасы мен су тұшыту қондырғысының жұмысымен танысты. Су жинау имаратын қайта құрылымдау жұмыстары 2019 жылы басталып, биыл желтоқсан айында іске қосылды. Бүгінде Форт-Шевченко қаласын 100% ауыз сумен қамтамамыз етуге дайын.

Сонымен қатар бүгін Облыс әкімі С.Трұмовтың қатысуымен Форт - Шевченко қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында теңіз жағалауында абаттандырылған жағалау іске қосылды. Жаңа жағалауда 20 мың шаршы метр жерге халық демалатын орын салынған. Жаяу жүргінші жолы, веложол, авто тұрақ футбол және волейбол алаңдары, балалар ойын алаңдары мен Workout алаңдары бар.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

0
0
386

Қарағанды қаласындағы «Qoldau» орталығында жастармен кездесті.

Кездесуде сайлау алды жұмыстың қалай өту керек екендігі және қазіргі уақытта жасалып жатқан жұмыстар талқыланды.

⠀

Арман Оразбайұлы жалынды жастарға жігер беріп, оларды одан әрі қанаттандыра түсті.⠀

Жас Отан Караганда белсенділері жұмысты ізгі ниетпен, барынша ықыласпен орындап жүргендерін де айтып өтті.

Алдағы уақытта да дәл осындай қарқынмен, керемет көңіл-күймен жеңіске жетер жолға бірге жететіндеріне сенімдіміз.

NurOtan #JasOtan #jenimpazbol #BizBirgemiz #jenimpazbol #tanday2021

0
0
149

Нақты істер: қысқа да нұсқа

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызуда. Бірақ біз барлық сынақты бірге еңсеріп, жеңіске жететінімізге сенімдіміз!

Жыл бойы жүргізілген «партияны қайта жандандыру» жұмыстары «Nur Otan»-ның  мүшелерін жұмылдырып, азаматтардың мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді.

Осы орайда сіздердің назарларыңызға партия жайында хабардар ететін роликті ұсынбақпыз. Бейнероликте партия қатарында кімдер бар, партиялықтар отандастары үшін не тындыруда, сайлауалды бағдарламасында партия не ұсынатындығы түсінікті түрде толық баяндалған.

Ең алдымен, бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. Партия мүшелерінің жалпы саны 800 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл – 4,5 мың бастауыш партия ұйымы мен 247 партия филиалы.

Еліміздің көптеген тұрғындары үшін «Nur Otan» өзекті мәселелерді шешуде соңғы инстанция болып отыр. 2016 жылдан бастап партияның қоғамдық қабылдаулары 1,2 млн. өтінішті қарады. Олардың басым бөлігі, яғни 92%-ы оң шешімін тапты.

Партияның қазіргі ұсынып отырғаны нақты іс-қимыл жоспары – «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» республикалық бағдарламасы. «Nur Otan» мұнымен ғана шектелмей, әр облыс, қала мен аудан үшін 216 сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Ол үшін халықтың 17 мыңнан астам ұсынысы мен аманаты жиналды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
189

Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті.

«Алда жасотандықтар партия белсенділерімен бірге 6 миллиондай үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысады. Тек алғашқы бірнеше күннің ішінде 1,3 млн. постер мен брошюралар үлестірілді.

⠀

Өздеріңізге мәлім, жуырда Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезі өтті. Онда таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.

⠀

Қашанда жастар – кез келген елдің болашағы. Сондықтан да олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыспен қамту мәселелері ¬- «Nur Otan» партиясы үшін әрдайым басымдықта», - деді Б.Байбек.

⠀

Оның айтуынша, қажеттілігі басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар санын 50%-ке көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін - 1,5 есе көтеріп, колледждер мен университеттер жатақханаларында жаңадан кемінде 50 мың орын енгізу көзделуде.

⠀

Сондай-ақ, жылына орташа алғанда 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасы іске қосылады. Жас кәсіпкерлерге бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылына 10 мың грант беріледі.

⠀

Ауылдық жерлерде спорт нысандары мен алаңдарын, 450 мыңнан астам жасты қамтитын заманауи демалыс орындарын салу жоспарланған.

⠀

«Бәріміз бірлесе отырып алға қойған барлық міндетті іске асыратынымызға сенімдімін», - деді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

⠀

#BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
178

Nur Otan сайлауалды штабы Түркістанға келді

60-қа жуық партия белсендісі, қоғамдық пікір көшбасшылары мен партиялық тізімдердегі кандидаттар өңір аумағының жартысынан астамын қамти отырып, бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен және басқа да азаматтармен жүздесті.

Көпбалалы аналармен кездесу барысында әйелдерді әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды. Нұротандықтар басқосуда көтерілген мәселелерді тыңдап, бақылауға алды.

«Біздің сайлауалды бағдарламамызда әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесуге, сондай-ақ ана мен баланы қорғауға баса мән берілген. Бұл үшін бүкіл ел көлемінде Отбасын қолдау және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары желісі құрылады.  Қиын жағдайға тап болған отбасыларға атаулы көмек көрсету күшейтіліп, жыл сайын ЭКО жасауға 7 мың квота бөлінеді», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.

Кентау қаласында тұрғындармен кездесуде ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері көтерілді.

Партиялықтардың айтуынша, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселелер «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерінде көрініс тапқан.

Атап айтқанда, партия өңірлерде 50 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын құрып, 125 мың жұмыс орнын ашуға жағдай жасайды. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін 12 жаңа мектеп салынады, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін 14 жаңа аурухана мен емхана құрылысы жүргізіледі. 60-тан астам елді мекеннің 150 мыңнан астам тұрғынының ауыз суға қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, 200 мыңдай тұрғыны бар 90-нан астам ауыл газдандырылады және т.б.

Сонымен қатар, Түркістан облысының зиялыларымен кездесуде мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті ары қарай дамыту жайы әңгіме арқауына айналды.

Ақсақалдардың сұрақтарына жауап бере отырып, билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Nur Otan жердің шетелдіктерге сатылуына жол бермейтінін баса айтты. Сонымен қатар, партия қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшаларды көбейтуге, мемлекеттік тілдің барлық салада қолданылуын кеңейтуге ықпал етпек. Сондай-ақ дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетуді жалғастыра береді.

Ертең құрамы қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері және партиялық тізімдердегі кандидаттардан құралған 400-ге жуық адам кіретін «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Шымкент қаласына барады.

216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Олардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депутаттар және тағы басқа белгілі азаматтар бар. Онлайн-технологияларды ескерсек, жалпы іс-шаралар кемінде 9 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды.

#NurOtan #BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
178

Nur Otan сайлауалды штабы Түркістанға келді

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына келді. 60-қа жуық партия белсендісі, қоғамдық пікір көшбасшылары мен партиялық тізімдердегі кандидаттар өңір аумағының жартысынан астамын қамти отырып, бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен және басқа да азаматтармен жүздесті.

138