Түпқарағанда Мұрын жырау музейі ашылды
Өңір басшысы Форт - Шевченко қаласында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі аясында «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы» музейінің ашылу салтанатына қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қорының бір бөлігі болып табылатын музейде жыраудың барлық шығармашылығы жинақталған. Сонымен қатар, «Қырымның қырық батыры» жырын тұтастай жырлап өткен көрнекті суырып салма ақынның өмірі мен шығармашылығынан алынған бірегей экспонаттар қойылған. Мұражай Мұрын жыраудың өзі тұрған үйдің жанында тұрғызылған. Үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол мұражайдың тағы бір көрнекті жері ретінде пайдаланылады.Аймақ басшысы аудан тұрғындарын еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңадан ашылған нысанның жұмысына сәттілік тіледі.«Бұл музейдің тек Маңғыстаулықтар емес,…