Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті.
«Алда жасотандықтар партия белсенділерімен бірге 6 миллиондай үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысады. Тек алғашқы бірнеше күннің ішінде 1,3 млн. постер мен брошюралар үлестірілді.
⠀
Өздеріңізге мәлім, жуырда Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезі өтті. Онда таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.
⠀
Қашанда жастар – кез келген елдің болашағы. Сондықтан да олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыспен қамту мәселелері ¬- «Nur Otan» партиясы үшін әрдайым басымдықта», - деді Б.Байбек.
⠀
Оның айтуынша, қажеттілігі басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар санын 50%-ке көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін - 1,5 есе көтеріп, колледждер мен университеттер жатақханаларында жаңадан кемінде 50 мың орын енгізу көзделуде.
⠀
Сондай-ақ, жылына орташа алғанда 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасы іске қосылады. Жас кәсіпкерлерге бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылына 10 мың грант беріледі.
⠀
Ауылдық жерлерде спорт нысандары мен алаңдарын, 450 мыңнан астам жасты қамтитын заманауи демалыс орындарын салу жоспарланған.
⠀
«Бәріміз бірлесе отырып алға қойған барлық міндетті іске асыратынымызға сенімдімін», - деді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
⠀
#BizBirgemiz #JeńimpazBol
