Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының мүшесі Асилбеков Нұрғиса Қалыбекұлы Түлкібас жастарымен кездесу ұйымдастырды.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Nur Otan» партиясының мүшесі Асилбеков Нұрғиса Қалыбекұлы Түлкібас кенті жастарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Дамудың жеті басымдықтары:

1. Экономикалық тұрақты аудан;

2. Ыңғайлы аудан;

3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;

4. Жастарға арналған аудан;

5. Тарих пен мәдениетті дамыту;

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;

7. Қауіпсіз аудан;

Соның ішінде жастар мәселесіне кеңінен тоқталды. Жастарды еліміздің адал патриоты болуға, өркениетті елдермен иық теңестіретін жан-жақты дамыған мемлекет тірегі болу үшін заманауи білім алуға, тілін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтай білуге шақырды.

Ауданда бастама алған «Дипломмен ауылға» бағдарламасын, «Жас кәсіпкер» бастамасын, еріктілер қозғалысының дамуын, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресудің маңыздылығын айта келіп, жастарды осындай патриоттық іс-шаралардың бел ортасынан көрінуге үндеді.

0
0
222

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының мүшесі Асилбеков Нұрғиса Қалыбекұлы Түлкібас жастарымен кездесу ұйымдастырды. - Yvision.kz