Мазмұнға өту

Жаңа

Желтоқсан саябағының ашылуы

Тәуелсіздік күні қарсаңында бүгінгі саябақтың ашылуы «Nur Otan» партиясының және алматылықтардың бірнеше мәрте ұсыныстарының нәтижесінде жүзеге асып отыр. Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі. Ал Тәуелсіздік пен Желтоқсан егіз ұғымға айналған. Себебі Желтоқсандықтар халқымыздың егемендікке деген ерік-жігерін, егеменді ел болуға деген талпынысын айқын көрсетті. Бұл ретте біздің ұсынысымыз бен қала әкімдігінің қолдауымен барлық желтоқсандықтарға тегін скрининг өткізуді жоспарлап отырмыз. Тәуелсіздікке қол жеткізуде сіңірген желтоқсандықтардың еңбектерін жоғары бағалаймыз және құрметтейміз.

0
0
141

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Jas Otan»-ның Съезі өтті

Елбасы жастар қанатының мүшелерін «Jas Otan»-ның 20 жылдық мерейтойымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақста…

0
0
140

Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер А.Жолдыбаев, Д.Әбдірахман, М.Аманиязова онлайн жиын өткізуі

14 желтоқсанда облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Асылбек Жолдыбаев, Дидар Әбдірахман, Мейрамгүл Аманиязова ZOOM платформасы арқылы "Сенек" ЖШС қызметкерлерімен онлайн жиын өткізді.

Шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, 7 басым бағытқа жеке-жеке тоқталып өтті.

Жұмысшылардан толғандыратын сауалдарын сұрап, мемлекетіміздің дамуына қатысты ұсыныс- пікірлерін білді. Партияны қолдап, дауыс беруге шақырды.

0
0
185

“Jas Otan “ ЖҚ-ның Созақ аудандық филиалының ерікті жастары белсенді

“Jas Otan “ ЖҚ-ның Созақ аудандық филиалының ерікті жастары сайлау алды үгіт-насихат материалдарын таратуда белсенді жұмыс атқаруда. 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары өте белсенділікпен басталып, жастардың бар ынта-ықыласымен жүріп жатыр. Сіздерді, еліміздегі саяси жетекші, партиялар арасында көшбасшы болып , жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналған “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырамын.

#NurOtanғаДауысБер

#NurOtan

#JasOtan

#TurkistanJastary

#SozaqNurotan

#SozaqJasotan

#jenimpazbol

#язануротан

0
0
171

Түпқараған ауданында Nur Otan белсенділері колледж ұжымымен кездесуі

Түпқараған ауданында Nur Otan белсенділері колледж ұжымымен кездесті

Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы мен кәмелет жасқа толған студенттері ауданның сайлауалды штаб мүшелерімен кездесуге қатысты. Аудандық штабтың басшысы Светлана Жолдасова “Nur Otan” партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 5 жылдық бағдарламасын таныстырып, жастарды саяси белсенді болуға шақырды.

Басқосуда Светлана Жолдасова Елбасының: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек» деген сөзін жеткізді.

0
0
149

«Nur Otan» партиясы жанды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

10 желтоқсан 18.00-де елімізде алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталды.Осы орайда «Nur Otan» партиясы «Есіктен есікке» акциясын қолға алып, саяси науқанды жанды форматта жүзеге асыруда. Бұл акцияға партияның облыстық филиалы, депутаттыққа үміткерлер белсенді атсалысуда.13 желтоқсан күні Бейнеу ауданында дәл осы акция аясында аудан халқымен жүзбе-жүз кездесулер өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сағатбек Жұбанов пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ұлмекен Бисенғалиева аудан тұрғындарының шаңырақтарына арнайы барды. Партия төрағасы Елбасымыздың ел тәуелсіздігін сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылуы жолында еткен ерен еңбегін айтып, бейбіт тіршілігіміз сол кісінің арқасы екенін жеткізді. Бейнеу ауданы…

0
0
134

"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы аясы

"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы аясында облыстық мәслихат депутатына үміткер Абай Ноғайұлы Түрікпенбаев тікелей эфир жүргізді.

Эфир Абай Ноғайұлының инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өтті.

Тікелей эфир барысында өңірдегі жұмыссыздық, туризмді дамыту және тағы басқа мәселелерге байланысты сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы сөз қозғалып, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді.

0
0
185

Облыстық маслихат депутатына кандидаттар М.Себасов пен К.Ешмановтың онлайн үгіт-насихат жұмыстары

"Nur Otan" партиясының атынан облыстық маслихат депутатына кандидаттар Марат Себасов пен Киікбай Ешманов партияның сайлауалды бағдарламасын толық таныстыру мақсатында "ҚазҒЗЖИмұнайгаз" филиалы ұжымымен тікелей эфирде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.Кездесу барысында партияның бүгінгі жетістігі мен алдағы жетістікке жету жолындағы басым бағыттары түсіндірілді.Сондай-ақ ұжым тарапынан көптеген әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.Атап айтқанда, Ақтау қаласы, 16-шағын ауданы, 63-үй "LePes" ТҮК газ мәселесі, тоқтың жиі сөнуі шешілмей тұрғаны, Ақтау қаласының 28 ш/а 17 үйінің алдында салынған футбол алаңы бұзылып, жаңадан жасау басталып, қазіргі таңда иесіз тасталғаны, енді ол жер көлік тұрағына айналғаны, Ақтау қаласы бойынша жаяулар өткелі жарықтандырылмағаны, түнде қа…

0
0
200

Созақ аудандық партия филиалы үміткерлері ардагерлермен кездесті

Созақ ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы үміткерлері ардагерлермен жүздесуі өтті. Филиал ғимаратында өткен аудан қарияларымен жүздесуде «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Әлжанов Ролан Ізбасарұлы ардагерлерге алдағы атқарылар жұмыстардың жай-жапсары жөнінде жан-жақты түсіндіріп берді. Сайлау науқаны кезінде бір кісідей қолдау білдіріп, аудан жұртшылығының ынтымағы мен бірлігіне, ауызбіршілігіне жұмыс жасап, кез келген ортада қариялардың байсалды пікірі, салмақты ақылы мен парасаты керектігін филиал төрағасының бірінші орынбасары атап өтті. Ардагерлермен кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Аманбек Мұсабек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қабылбек Ес…

0
0
191