Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясының МО сайлауалды штабының мүшелері тұрғындармен кездесуді жалғастыруда

10 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады.

Бүгін, 12 желтоқсанда ҚР Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Самат Мұсабаев, аудандық мәслихатқа кандидат Ерлан Тәжібаев пен Гүлшат Мұқанова Қарақия ауданы Жетібай ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кандидаттар 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардағы сайлау туралы айтып, "Nur Otan"партиясының бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды. Олар өз сайлаушыларымен сөйлесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Осылайша, ауыл тұрғындарымен кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселелері басты назарда болды және кандидаттар ауыл тұрғындарын толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап берді.

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясының МО сайлауалды штабының мүшелері тұрғындармен кездесуді жалғастыруда - Yvision.kz